ВЕРНУТЬСЯ

        Өкініштісі сол, еліміздегі тың және тыңайған жерлерді
игерудің пайдалы тұстарынан гөрі зиянды салдарлары басым жатыр. Біріншіден,
ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ даласының экологиялық тепе-теңдігі бұзылып,
мүлдем келмеске кетті. Тек 1957-1958 
жылдардың өзінде шектен тыс жыртудың кесірінен Павлодар облысының жеңіл
топырақты қабатында шаң дауылдары басталды. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының
басында бүкіл тың аймағындағы жеңіл және ауыр топырақ қабаттарынан аңызақ жел
бүкіл гумусты (қара шірінді) ұшырып әкетсе, Солтүстік Қазақстандағы 9
миллионнан астам гектар жер топырақ эрозиясына ұшырады. Рас, кейін топырақ
қорғау және тағы басқа агротехник алық шаралар қолға алынғанымен, экологиялық
жағдай толығымен оңалған емес.Қаншама 
шағын көлдердің құрғап,  даланың
шөлейтке айналу үдерімінің жеделдегенін айтпағанның өзінде...