Келеді
дауыл тұрып,
шаң шұбалып,
Жауа
алмай қара бұлт тұр тамшыланып.
Кенеттен
күн күркіреп қуды бұлтты -
Қолына
от-найзағай қамшыны
алып...
Содан
соң салды дейсің бұлағайды,
Мұнысы
кім-кімгеде ұнамайды.
Күн
көзі
жасырынып бұлт астына
Ақ
балтыр қайың-қызға сығалайды.
Тулаған
көлдің үсті
- астаң-кестең,
Домалап
қүлап жатыр тастар көшкен.
Тұнжырап
тау ғана тұр маңғазданып,
Мұндайды
өмір бойы бастан кешкен!
Бұлт
жапқан күннің беті - көлеңкелі,
Жел
тынып жұбатпақшы көл - еркені.
Тау
ішін кезіп келем...
Сезіп
келем...
Жан-жақтан кимелейді өлеңтегі ...
- 119 просмотров