ВЕРНУТЬСЯ

       «Жігітке мешкей деген жақсы ат емес» дейді қазақ нақылы.
«Түйені түгімен, арбаны жүгімен жұтатын» мешкейлер қай заманда да, қай халықта
да болған. Қазір де бар. Мешкейлік - қасиетті Құран-Кәрімде де айыпталатын
қылық.Сондықтан одан аулақ жүрген дұрыс.Өйткені семіздікке барар жолдың біреуі
осы.

Семіздіктің екі себебі барын айтуымыз керек. Тұқым
қуалаушылық және мешкейлік. Әдетте ата-әжесі, әке-шешесі немесе нағашы жұртынан
біреуі толық болса, оның ұрпағы да семіздікке бейім тұрады. Оны тоқтату немесе
күресу мүмкін емес. Жаратылыс өз дегенін істейді. Екіншісіне келсек, егер адам
тамаққа деген нәпсісін тежеп ұстаса, онда семіздікке бой алдырмауға әбден
болады. Қасиетті ислам дініндегі қырық күн ораза ұстау, бес уақыт намазға
жығылу да адамның көптеген пенделік күнәларының бірі - тағамға деген нәпсіні
тиюға немесе бәсеңсітуге бағытталған...

Жасында спортпен айналысып, кейін оны тастап кету де адамды семіздікке
ұшыратады.Олай болса, жүйелі түрде дене еңбегімен айналысу және мөлшерлі түрде
спорттық жаттығулар жасау семіздіктің жолын кесетін, кейде оны баяулататын
тиімді күрес шараларына жатады. Ал «жедел арықтайсың» деп арбайтын-алдайтын,
түрлі жалған жарнамаларға есі ауып, таблеткалар ішіп, сан алуан диеталарға
отырудың пайдасынан зияны көп. Биыл француз парламентінің жаппай  «жүдеуге» шақыратын жарнамаға үзілді-кесілді
қарсы шығып, оған тиым салуы - еріккеннің ермегі емес. «Құмырсқа бел боламын»
деп, қата қалғандар азаймай отырса, қайтпек енді ?! Батыстың қақтаған балық
секілді, өлмелі, сиықсыз модельдеріне еліктеп, арықтауға тырысатын бұрымдылардың
ит-әуресін естігенде не көргенде, күлкің келеді...