ВЕРНУТЬСЯ

    Жұлдыз жауды...

Аспаннан
Ай құлады,

елең
етті сезімнің айқұлағы.

Айқара
ашып құшағын масаң көше,

әлденеге
қайыңдар қайғырады.

Қайғырады...

Неліктен
түсінбедім?!

/Өңім
емес, мен мұны түсім дедім/.

Көшесінде
Абайдың - түнгі он екі...

«Аспаным...
Түнім... Құсым...» дедім.

Құштым сені қанша уақ? Жоқ есімде...

Теңізшідей
дауылда, кемесінде

тоғыз
валды күй кешіп келе жаттық,

толқын-толқын
көшенің төбесінде.

Жұлдыз жауды...

Аспаннан
ай құлады...

Елең
етті сезімнің айқұлағы.

Көңілімді
қорқыныш жаншылады,

көңілімді
қуаныш қамшылады.

Жауды
көктен сәуірдің тамшылары...

сәуір,
1969 жыл.