ВЕРНУТЬСЯ

  Жырла!
Жырлай түс! Мұңайма!

Ай
асты әніңмен құлпырсын.

Жұлдыздар біледі жылай да...

Жанарлар
жәудіреп, жыр тұнсын.

Өмір
мен от ойнап көздерде,

өлең
боп өртеніп, өт, ойым.

Сәби
боп жүгірген кездерге,

сәбилік
сезіммен жетейін.

Серік
қып сұлу түн, мүнды әсем,

кеудені
жылытсын нұрлы ағын.

Гитара!
Солықта! Жырла сен,

қуаныш,
мұңымды ұрлағын.

Тамырды
тепкілеп арыңды,

бойдағы
ыстық қан қозғалсын.

Әуелет!
Әнге қос зарымды,

жүрекке
жететін сөз қалсын.

Жырла!
Жырлай түс! Безілде!

Қайыңдар шуласын тыстағы.

Дүние
оранып сезімге,

қайғысын
ұмытсын қыстағы.

Наурыз,
1966-жыл.