ВЕРНУТЬСЯ

   Сайлаубекке

Біздің
елдің ақындары көп, білем,

жаны
- жомарт,

көңілдері
- жазғы бақ;

жүректері
- жалындаған от кілең,

кеудесінен
жататұғын саз құлап,

көңілдері
- жазғы бақ...

Аяз...

Қарда...

Елеместен
дауылды,

қажет
жерде отқа түсер елі үшін.

Дос
шақырса, кешіп өтіп жауынды

ақындар
көп ұсынатын қол ұшын,

отқа
түсер елі үшін.

Құласа егер есі кете құлайтын,

жаны
- таза,

жалғандықты
білмейтін;

жыласа
егер, егіліп шын жылайтын,

егілмеуді...

Ақын
жүрек «мін» дейтін.

Жаулары
көп күндейтін.

Біздің
елдің ақындары көп білем,

Жаны
- жайсаң,

көңілдері
- жаз, құрақ;

жүректері
- жалындаған от кілең...

Ақындарын сүйетіндер аз бірақ,

сүйетіндер
аз бірақ...

наурыз,
1968 жыл.