ВЕРНУТЬСЯ

       Қай көшу мына
көшу - бөлек көшу,

Жол да шу, жолай
өскен терек те шу.

Барады әпенді бұлт
сапар шегіп,

Құйып ап түбі тесік шелекке су.

Қай дүрмек мына дүрмек - басқа дүрмек,

Дүрмекпен кетіпті ғой тас та гүлдеп.

Жағамды көтеріп ап жолға түсем,

«Алматы, қызық екен аспаның» деп.

Көк кептер мезі болған жауыннан көп,

Ойлайды алда қанша дауыл бар деп.

Қалаға үйрене алмай жүрсе керек,

Ол дағы мен сияқты ауылдан кеп.

Тәйірі, біздер үшін сел деген не,

Көк кептер, көндігеміз
сен де, мен де.

Бұйығып
үндемейсің, жазған Құсым,

Ал айтшы, не істейік көнбегенде?