ВЕРНУТЬСЯ

       Аман жүрсем, осы күз елге барам,

Бес жыл болды баласын көрмеді анам.

Бес жыл болды ат ізін салмай кеттім,

Бүйтіп тірлік кешкеннен өл де маған.

Жан анамның көңілінде көп алаңы,

Ұлы биыл қайтсе де оралады.

Алматыға көшіріп алып кетем,

Саяхаттар, сапарлар одан әрі.

Дүниенің шартарап қиырларын

Аралатам, көрсетем биыл бәрін.

- Алла разы, өзің көр, - дейді анашым, -

Біз көрдік қой, қарағым, бұйырғанын.

Басымды үнсіз сипайды баяғыдай,

Ауыл, ауыл, сол ауыл, әй, өмір-ай!

Жетім бота аулақта боздайды ұзақ,

Жартыкеш Ай қарайды аяп ұдай.

Анам қайтыс болғалы бес жыл бопты-ау...