ВЕРНУТЬСЯ

      Арыстан ием, иманым
кәміл, дінім хақ,

Мархабатыңмен күн кешіп келдік қыбырлап.

Халқымыз бүгін теріс дұға оқып өзіңе,

Дүрлігуде әбден,  құлаққа шайтан сыбырлап.

Харам деп сізді, таптап өтпекші кіл асау,

Құтырып
алған, бірі жоқ мұның, сірә, сау.

- Қарашы, - дейді,
- басқа елдің арыстандары

Ел үшін - құрбан,

Жері үшін - кенен (рас-ау).

Керемет десті ел, сиыңды
кеше, кең деді,

Құпия
қазір, ойлайсың,

Ием, сен мені.

Біз сыбырлаймыз сыртыңнан ылғи:

«Осының қасқыр
болып-ақ жүре бергені жөн бе еді?».

Қаптаған сайтан періште жүрер бақта кіл,

Арыстан ием, кім отырады таққа бұл?

Келмейді қолдан жібере салу өзіңді

Ауылсоветке хатшы ғып алыс
жаққа бір.

Естіші өзің, зіл
жатыр елдің үнінде,

Екпіні жаман, қауіп-ау
сізге түбінде.

Құдайдан медет тілеген абзал дер едім,

Ол жарықтық та шатып кетті ғой бүгінде.

Құн сұрар
кезде, пұл сұрап кетті деп
тағы,

Лақтыруда құл
тонын шешіп отқа, әні.

Ұқпаймыз
дейді - жыртысын кімнің жыртып жүр,

Білмейміз дейді - кімдердің
жоғы жоқтары.

Сөзіміз, сірә, шықты ғой деймін жүйесіз,

Бұл хатты алып, оқырсыз, бәлкім, күлесіз.

Ғафу етіңіз, артық
жазуға уақыт тар,

Оның үстіне, қағаз да қат қой, білесіз.