ВЕРНУТЬСЯ

    Аяулым!

Қаталап,
шөлдеп,

тандайым
құрғап, кепкенде,

сал-сарас
ойдың

саздауыттарына
шөккенде

сағынып
жет те

шаң-тозандардан
аршып ал.

Құдірет-күшің бар шығар,

Махаббат
деген елде өскен,

Махаббат
деген жерде өскен,

қажетті
жерде - шөл кешкен,

мұхит та кешкен,

теңіз
де кешкен,

көл
кешкен;

жылай
да білген,

күле
де білген,

белдескен?!.

Ағыл
да тегіл сел кешкен,

көктем
боп келші сең көшкен,

қарсылықтарға,

қаталдықтарға
көнбестен!

Өзіңе
сен де,

көзіме
сен де келші сен,

өсек-аяңға сенбестен,

өртеніп,
жанып, сөнбестен...

Жаңғыртып
түнде көкті үнің

жасын
боп жетші!

Жет,
күнім!..

Әйтеуір
мені қалдыра көрме

жалғыздық
деген жапанда,

сезім-
қанатты талдыра көрме

тұтқыны болып өтейін,

өтейін
мәңгі

Махаббат деген белестің          

Тезірек
жетші!

Жет,
Күнім...

маусым,
1970 жыл.