ВЕРНУТЬСЯ

        Еркін дүние-ай, ен далам, ерек далам,

Мына ғалам шынымен бөлек ғалам.

Бір Ғұмыр аз мен үшін, екеуін бер,

Жоқ, екеу де аз,

Мәңгі өмір керек маған.

«Дүние-жалған» дейді жұрт. О не деген,

Жерді өз басым мәңгіге егеленем.

Сессияға келетін депутаттай,

Қайта-қайта өмірге келе берем.

Бұрын да өмір сүргенмін. Бұлақ болғам,

Бір көргеннен керемет ұнап қалған

Сол қыз қайтып соқпады. Ерегесіп,

Қаңғып өлдім, кеттім де жыраққа әрман.

Бұрын да өмір сүргенмін. Төбе болғам,

Асқар шыңдар тұратын менен әрман.

Мен ешқашан тау бола алмасымды

Түсінген соң, ұзамай
өле қалғам.

Аң патшасы болғанмын, сауық ері,

Бақты мені орманның қауым елі

(Бауырым, сен «бастығым мисыз» дейсің,

Дұрыс. Бұрын себебі ол тауық еді).

Қартайдым деп, жастықтан жырақпын деп,

Ой, қайтесің біреуді сыбап күндеп...

Кетіп бара жатсың ба, оқасы жоқ,

Ертең қайтып келесің. Бірақ кім боп?