ВЕРНУТЬСЯ

         Есімде бәрі, есімде

Кәлдер де, самал желдер де.

«Бестөбе» жақтан бесіңде

Келелі түйе
келгенде;

Бір көрсем деп ем, бір көрсем,

Өзгедей арман жоқ менде,

Бұзылып ағып жүрген сең

Көпірді жұлып
кеткенде.

Желін қап тартқан інгендер

Ботасын іздеп боздайтын,

Түтіндік салған түндерде

Түйекеш бір сыр қозғайтын.

Сары үлек гәптің басы боп,

Қалғитын жаңа туған ай.

Кететін көзі шашып от

Келеге түсер бурадай.

Қамшысын бүктеп қолға ұстап,

Маған бір қарап, оған бір,

Шылымын жиі сорғыштап,

Сөйлейтін сонда ағаң бұл.

Жағымсыз даусы барқырап,

Тұратын
атып далбаңдай.

Жараспаушы еді нән тұмақ,

Ботаға жазы салғандай.

Сары үлек гәптің басы еді,

Соңы да осы бар уақ.

Сары үлек - оның әселі,

Сары үлек - қолдар аруақ.

Құтыртып әзіл-оспақты,

Салатын күй ғып ысқыра,

Қайыта барып қоспақты,

Қайта алмай қалған тұсты да.

Әңгіме дейсің қай тәуір,

Жетпейді кейде шыдамың.

Болуы керек, әйтеуір,

Айқайлап айтар бір әнің!