ВЕРНУТЬСЯ

     Шерхан Мұртазаевқа

     Қабақ түйді қара
аспан,

Қар жауары хақ бүгін.

Гүлтобылғы, жаңа ашқан

Құтты болсын
ақ гүлің!

«Күзде гүлдеу... бұл қалай?» -

Қуқыл тартты қия бет.

Мең-зең болып тұр
тоғай,

«Мезгілсіздеу, иә» деп.

Айналайын, елеме,

Арта берсін ел өкпе.

Күз келді деп, немене,

Қурай кету керек пе?

Күнмен бірге құбылған

Қолат іші мипалау.

Жел жағына жығылған

Жекеніңнің сиқы анау.

Қарсы тұрар
болмай күш,

Құлапты
раң шаршаған.

Елпілдеген сол байғұс

Жарар еді қалса аман.

Тал тұр шетте құбаша

Төлежіген сыңайлы,

Күн бір рет жыласа,

Ол екі рет жылайды.

Ал сен жайна, көк балғын,

Ал сен жайна, Тектілік:

«Өз мінезі жоқтардың

Өмірі осы», - деп күліп.