ВЕРНУТЬСЯ

     Қауқарың жетсе, күлдір сен,

қауқарың жетсе жылатшы,

жұбатшы, жаным, бүлдірсем,

өксітіп алмай, жұбатшы.

Махаббат деген - бұлбұқл құс,

өртеніп «тағат» тауысқан,

жүректің іші мың қуыс,

сезім мен сенім қауышқан.

Онда жоқ мынау жасыл бақ,

ол жақтың бағы тым басқа,

аспаны күнде жасындап,

жаңбыры жауар тынбастан.

Тыныштық деген болмайды,

ол жақтың көлі тулағыш,

ол жақтың гүлі солмайды,

көктемі мәңгі шулағыш.

Сәуірдің ылғи бұлттары

жатады өтіп ағылып;

көгінде сайрап құстары,

көктемін жырлар сағынып.

Қауқарың жетсе күлдір сен,

қауқарың жетсе жылатшы,

жұбатшы, жаным, бүдірсем,

өксітіп алмай жұбатшы.

2 желтоқсан, 1969 жыл