ВЕРНУТЬСЯ

          Тентегіңнің бастан-ақ жолы ауыр ма,

Кетті күндер
күйбеңнің бодауында.

Сенің молаң жатты үнсіз қыр басында,

Менің тойым жатты өтіп сол ауылда.

Жамап-жасқап үйімнің шаңырағын,

Қосын ұстап
қалғам жоқ шаруаның.

Басқа жұртта
думанмен күн өткізсем,

Түсіме еніп жүресің, аруағым.

Тағалы аттай таймаған қатқақта да,

Өз ауылымды шырқаймын жат бақта да.

Ақ сақалың салалап сен тұрмайсың,

Қарсы алады баурайда аппақ мола.

Келіп тұрмын
басыңа тағы міне,

Қос түп жусан өсіпті қабіріңе.

Көзім алды көп елес бұлдыраған...

Бұлдыраған
- даланың сағымы не?

Қос түп жусан... қалыпты солып бірі,

Көңіл құрғыр
босайды көріп мұны.

Екіншісі қарайды бәрімізге,

Таңның мөлдір шығына толып бүрі.

Солды деуге құқым
да, қақым да бар,

(Солғандар ма - жоқ гүлдің сапында олар).

Екіншісі жайлы мен не айтайын,

Өзгелердің айтқаны мақұл болар.