ВЕРНУТЬСЯ

         He бітірді,

He бұйым
соқты кімге?

Көрік сөйлеп жатады от тілінде.

Кенбай келін алғалы көп өзгерді,

Кенбай енді мейірбан бопты мүлде.

Дәнекерге ақ болат зорға көнді,

Кенбай ұста
келеге ол да келді.

Осы ауылдың таусылмас базынасын

«Базынасыз» жасайтын болған елді.

Құрақ ұшып жұмыстан келісімен,

Жүреді үйдің бітпейтін көп ісімен.

Біреу естіп қоярдай сыбырлайды:

«Бір шарана иіскесем» деп ішінен.

Өңі кіріп ыс-күйе басқан үйдің,

Кенбай бәрін ұмытқан
басқа күйдің.

Келеді өсіп іргеде қара жусан

Қарын шашы секілді жас сәбидің.