ВЕРНУТЬСЯ

      Кер мая бұлт исінбей,

Кезеді біздің кең сорды.

Еріні тұшып гүл сүймей,

Еңіреп жүрді жел сорлы.

Бір дауыл жетті шалғайдан

Даланың өксік деміндей.

Бір жаңбыр жауды маңдайдан

Маңдайдың мұздай
теріндей.

Толғағына ұқсап тұмсаның,

Тоңдырып,

бірде күйдіріп,

Қайыңды
қинап мұнша күн,

Ақыры төсін идіріп,

Жапырақ келді өмірге!

Алғидың құба дөңінде,

Іргемді менің бүтіндеп,

Жапырақ келді өмірге,

Жүрекке ұқсап... лүпілдеп.

Жазира қырдың өрені,

Жасқанба деймін,

Асқақ өс!

Жер өзіңдікі себебі,

Ел өзіңдікі, басқа емес.