ВЕРНУТЬСЯ

       Кетем!

Еліме кетем!

Елі жоқ деп пе едіңдер,

Тегі жоқ деп пе едіңдер?!

Жалқы жүрген жалғыз атты деп мені,

Қақтыңдар, ә, шеткері.

Менің елім - менің қара тағдырым,

Ұмытқан жоқ саяқ ұлын, зарлығын.

Тұп-тұқиян,
үрім-бұтақ, зәузәті

Түгел сайтан боп кетпесе дәл бүгін.

Кетем!

Кетем тоғайыма баяғы,

Тоғай-елім толқып құшақ жаяды.

Біздің шалдың көзін көрген ну еді ол,

Сайғақтық
тал қияр, бәлкім, аяғы.

Жайма кекіл жас жыңғылдық тақ тұрып,

Шеңгелдікке шертпе күйді тарттырып,

Шабыр, дүзген қаршадайдан бірге өскен

Қарсы алады тырна қатар caп құрып.

Дарияның орпаланған орамы,

Айхай, дүние, айдынына толады.

Қара түбір шалса аяқтан - қалжың бұл

(Біздің жақта мұндай да әзіл болады).

Хал сұраған мынау аңқау далама

«Халым менің жақсы» дейін. Нана ма?

Нанады ғой, нанады ғой о байғүс,

...өмір өтіп барады, ө?!