ВЕРНУТЬСЯ

          Үй алдында отырған елік құрбым,

Немкеттілеу қараспен нені ұқтырдың?

Қол шебердің соңы еді Қолдасбай шал,

Қолын алып кетсем деп келіп тұрмын.

Қашқан аңдай тоғайға тығылғалы,

Елік құрбым
соңына бұрылмады.

Қария да жоқ қарсы үйде отыратын

Қара бүркіт секілді тұғырдағы.

Көктеп болып қайыспен керегені,

Көк алақан дыр қамшы өрер еді.

Күміс жүген, айшықты ер, зерлі жабу -

Мұрапаға
ап қалған ел өнері.

Қашқан аңдай қорқаудан тығылғалы,

Елік құрбым
соңына бұрылмады.

Қария да жоқ қарсы үйде отыратын

Қара бүркіт секілді тұғырдағы.

Сезімді арбап таң болып ата білген

Сездім де мен
күннің де батарын мен.

Сәби көрдім сол үйден бас жағына

Домбыра мен дойырды қатар ілген.

Үзеңгіні іліп үйрек бас ердің қасына,

Аттарды сайға қалмақша байлап асыға,

Ентігіп демім, серпіліп керім тұрар ем,

Енгенде саусақ еркетайымның шашына.

Сол болат
мынау жиденің иісі жай гүлдер,

Салмақты бүгін сабаға түскен айдын көл.

Сазайын берген «ұрыны»
мендей ұстап ап,

Сақи қол әже, бала-шағаңның қайырын көр!

Шалының атын көтере айтып өктемді,

Қараша ауылдың қара кемпірі кеткен-ді.

Құрбысыменен
тіл табу деген оңай-ау,

Құдауанада,
құдамдал-жегжат боп келді.

Шырын қыз, міне, шылбырымды алса дірілдеп,

Әкесі тұрды:
«Қырықтың бірі қыдыр», - деп.

Күнекей ауыл ұйқы
да тұйқы боп жатыр,

Күйеу баласы ұрын
кеп.

Құныға жұтар құнан-қымызға құмартып,

Отауға ендім. Жусанның иісі тұр аңқып.

Ұрлана
келіп, «Ұры» сайменен
жүргенше,

Ұрандап
келіп, дөңменен жүрген мың артық!