ВЕРНУТЬСЯ

     «Бүгін де кезекті жаттығуға ерте аттандық. Қала тыныштық құшағында еді. Мен
«Батяның машинасы» атанған танктің механик-айдаушысымын. Біздің экипаж бірінші
күні ақ ерлік жасады...».

        Солдат хаттарынан

Көтерілген жоқ күн әлі,

Көгілдір бақта сап-салқын самал тұнады.

Су шашатұғын
машина кенет «ажылдап»,

Сұлулар тобын тоз-тоз ғып өте шығады.

Киоск тұрған
бұрылысқа кеп тақалып,

Ең соңғы танк қалады жорта «қақалып».

Құс болып ұшып «Неделяны» алып жетеді

Құлдыраңдаған
замполит біздің ап-арық.

Осындай таңда нұр
тамып, шіркін, гүл өңнен,

Студенттермен жайраңдай бірге жүрер ме ең?!

- Жол болсын,
сержант!

- Қай жаққа? -
дейді арулар.

- Білмей-ақ қойсаң
қайтеді соны?.. - Күлем мен.

Ұлпадай
жайлы,

Уыздай тәтті бұл
ғалам

Дөңгелектердің әуеніне елтіп зырлаған.

Балконнан қолын бұлғайды сәби,

Балкон бұл

Қырық жыл бұрын
өжесі қолын бұлғаған.

Қырық жыл бұрын...
қабылдап Жеңіс парадын,

Серпілген еді қала үстіндегі қара түн.

Сандығын ашып, сол күнгі жырын іздейді

Сексен бес жасқа сері боп жеткен шал ақын.

Күрсініп қойып, «батямыз» алға қарады,

Манаурай қалғып гүл қала қалып барады.

Көкжиектерден шығады сағым ойнақтап,

Көрінсе болды аспанның алтын табағы.

Табиғат өзі сыйлаған бастан бөтен өң,

Тақырға шығып, тартқанда тауға төтемен,

Жүк машинасы жол ортасында тұрып ап,

Жүйкеңді қажап, жүргізбей қойса, не етер ең?

Бір қасып қойып локатор сынды құлағын,

Күйгелек шофер білесің нені сұрарын:

- Шақырым жүрмей
қайнайды суың... тұрасың...

Шара жоқ, бауырым, шыжып кетті ғой мына күн.

- Антифризден бір шелек
құйсаң, шіркін, - деп,

Қарайды маған,

Қайнайды суы бүлкілдеп.

- Бер, - деді
комбат, - кешікпей барсын үйіне,

Шелегін ұстап
жетеді шофер шілтіңдеп.

Күнсиді дала таңдайы кеуіп, татып cop,

Шөкім бұлт шықса, шөл үшін міне бақыт сол.

- Тамаша-а-а! -
дейді танктің антифризін

Шаруаға беріп ойланып тұрған офицер.

Алды-артын орап
бораған ақ шаң... ақ түбіт,

Батальон шеру
тартады әрі caп құрып.

Таусылып тақыр, тауға ілігеміз бесінде,

Шынжыр табандар тастарды илеп, лақтырып.

Көрінген көзге көш жерден белдеу жолағы,

Қарауыл үйі түк өзгермеген - сол әлі.

Гүл арасынан пыр етіп ұшқан торғайлар

Танкодромның мұнарасына қонады.

Мазасын алып мотордың ауыр солқылы,

Лейтенант тағы взводы үшін толқыды.

Алаңқай жаққа созады мойнын зеңбірек,

Жыбырлай бастап «снаряд қысқан қолтығы».

Берді де орнын, торғайлар тобы тарқады,

Орауын шешіп, ілеміз ескі картаны.

- Бастаймыз, -
дейді «батямыз» бір кез алға аттап,

Бірінші рота, дайындалыңдар, ал кәні!

- Бірінші экипаж,
от алдыр, кәне, тезірек! -

Жетеді бұйрық
комбаттың осы сөзі боп.

Құлағын бұрап тып-тыныш тұрған ТПУ-дың,

Сөйлетіп қоя береді сосын өзі кеп.

Жөнелді танк жұлқына
тартып табаннан,

Қапталдай берді қабағын түйіп қара орман.

Ұрымтал тұстан
«қарсыластарға» кеп қалдық,

«Ұрылмай»
шығып «миналы» шаршы алаңнан.

Жаттығу солай; аяққа, қолға жоқ тыным...

- Экипаж, тоқта! -

Саңқ ете қалды өткір үн.

Сарт ете қалды бас фрикционға керзі етік,

Қос рычагқа жабысты қолдар кеп мығым.

- Өттік қой, батя,
«қарсылас» жатқан белеңнен,

He болды? - деймін қолымды жайып төменнен. -

He болды, батя, кешігеміз ғой, қырсық-ай!

- Қозғалма, ұлым!

Қозғалма, қазір келем мен ...

Экипаж болса, нысананы алып үлгерген,

Комбаттың бұлай
жан ұшырғанын кім көрген

Ак шашты майор мишеньге қарай жүгірді,

Ап-ауыр люкті лақтырып ашып бір қолмен.

Мұндайда
саған отыру қайда тағаттап,

Көздеуші жігіт қарайды маған алақтап.

Қорғаштап желден қолына бір түп гүлді алып

Алқынып ұшып
оралды шалың заматта-ақ.

- Экипаж, алға!

Уақыт бізде бар әлі.

Сағаттың тілі тықылдап секунд санады.

Алыс нысана түбінде өскен май гүлі

Май сіңген күрте омырауынан қарады.

Май жұққан
жүзге Май гүлі ғажап нұр
төкті,

Нысана - жарық болмашы ғана жылт етті.

- Атыңдар! - деді,-
болады енді атуға! -

«Бұғып» үлгермей, бұжыр төс «дұшпан» сылқ

...Сарғайған ескі күнделіктерден сыр ұғып,

Балауса күнге қарасам болды бұрылып,

Баба таулардың бала гүлдерін қорғауға,

Сен әлі, «батя», баратқандайсың жүгіріп.