ВЕРНУТЬСЯ

   Қош бол, сен, мұң кешкен шақтарым,

Ақ
сезім - алғашқы ақ арман!

Жыр
болып шулаған бақтарым,

сүмбіле
түндері таранған.

Тауымның
құз-қия жақпарын

сағынған
сағымды кездерім,

ақпанның
түтетіп ақ қарын,

құндақ боп тербеткен кез керім.

Сезімім,
ұқсап бір кептерге,

жүректің
төрінен жырлап ұш;

қияқ
шөп сарғайған бөктерге,

кетейін
қиялмен қырға алыс.

Кетейін
ой тербеп күзде мен,

жабырқап
тұрғанда ақ қайың;

тауларды
сағынып іздеген

тұмар қып көңілде сақтайын.

Қош
бол сен кездерім мұң кешкен!

Ұмытам бәрін
де, жетті енді!

Арбалып,
алданған білместен,

ұмытам
опасыз көктемді...

қыркүйек, 1967-жыл.