ВЕРНУТЬСЯ

      Құрметті һәм ғиззатлы көрнекті аға,

Бізді де өзіңменен тең деп қара.

Мен сенің мемлекетіңді мойындаймын,

Тәуелсіз, егеменді ел деп дара.

Пайғамбар тақ Сүлеймен дана бастан,

Оны да, саған жолап, қара басқан.

Жер асты - қараңғыға сіз иесіз,

Біз - пақыр ай жарықта сан адасқан.

Ей, бекзат, мехнаткеш ел, сара халық,

Тау-тау ғып жүк көтердің дараланып.

Aп менің жалғыз басым, оның өзін

Әмісе жүре алмаймын аман алып.

Арманның айта беріп не етем бәрін,

Сіз деген ерек тұлға, бөтен дарын.

«Құран» мен «Інжілге» ендің, ал мен болсам,

«Құрмет тақтасына» жете алмадым.

Жарық күн төбемізде сөнбес әмән,

Көреді күллісін де өлмесе Адам.

Тек маған құмырсқа бол демеші, аға,

Айтпайын қазақ бол деп мен де саған.