ВЕРНУТЬСЯ

    Бар еді менде бір
бақытты үміт,

Таба алмай соны, сенделдім.

Көзімнің жасын құрғатып
тұрып,

Құрғап бір
қалған көл көрдім.

Ақ көйлек киген айгөлектерге

Аңқылдап толқын үнімен,

Алалы жылқы айдап өткенде

Лайланбайтын тұнық
ең.

Жараса біткен сәніміз бар-ды,

Ажырамаушы едік бір елі.

Қызғалдақ солып, кәріқыз қалды,

Кәріқыз бәрін біледі...

Шалқарың болса, сүйесің ел боп,

Шалқиды сонда жыр да аса.

Құрбақа жүрер «иесі мен» деп,

Қоғалы кәлдер құрғаса.

Қызық біткен соң айналадағы,

Өмірден қайтып өтті не -

Әккі сазандар қайда барады,

Жайынға жем боп кетті ме?

Бүгінгі мынау (өткенін көргем,

Жағалай жалпақ ел қонған).

...Көлшік боп көпке жек көрінгеннен,

Құрғап
тынғаны жөн болған!