ВЕРНУТЬСЯ

       «Қарашада өмір тұр...»

        Абай

       Күз де келді,

Ойдағы ел қарсы ап жатыр түздегі елді.

Беу, өлең, жарыққа шық, жекеленбей,

Көппенен көріселік біздер енді.

Жасырмай шер-мұңыңды,
ескін өксіп,

Жасындай қою бұлтты
кескілеп шық.

Шық енді,

Шыңыраудың суы боп шық,

Баладай бесіктегі бес түлеп шық.

Мен едім қызуы мол отты алақан,

Күндерді қызығы мол жоқта, ботам.

Тепсеңге тентек жаңбыр сел боп кіріп,

Көл боп түнып қап
жатыр моп-момақан.

Тілгілеп түрен тісі жүдеу белді,

Тамыры танаптардың білеуленді.

Қарайды қара мола қыр басынан,

Ол да, мүмкін, күтулі біреулерді.

Күні ертең желпіп тастап желегін күн,

Бал шағы келері хақ кең өңірдің.

Сен солай сендіре бұл айтқаныңа,

Әйтпесе, айтқан жұртқа сене білгін.

Күз де келді,

Ойдағы ел қарсы ап жатыр түздегі елді.

Беу, өлең, жарыққа шық, жекеленбей,

Көппенен көріселік біздер енді.