ВЕРНУТЬСЯ

        Көсігі жүгерінің собығындай,

Адыраспаны қоянның тобығындай.

Қошақанына қарасаң,

Қошқар шығар тұқымның
болымындай.

Қына езіп, қызыл түспен бояғандай,

Қыры анау манаурайды ояна алмай.

Жалғыз түп сексеуілі қанат жайса,

Астына ақтылы қой саялардай.

Сан бояу сан құбылып
не түрге еніп,

Күмбез тұр
құбылаға бетін беріп,

Жер тартып кеткен сонау мешін жылы

Ақ нардың дулығасы секілденіп.

Тізілген ісек қой деп жонды ұғасың,

Үзілген ішек қой деп жолды ұғасың,

Аты озған қазақтың бір қызба шалы

Тартқанда есерленіп домбырасын.

Тұмсығы
секілденіп лашынның,

Имиіп бітісін-ай мына асудың.

Соқпақтар саумалаған арқаны екен

Құбырмен
белін буған құба шыңның.

Құбырмен
белін буған құба шыңға

Осы айтқан дұрыс
па екен, расында?!

..Асығып келешекке ұласуға,

Шыңылдап бағаналар қыр асуда.

Жүр кешіп үстірт жақты жігіт-көктем,

Тілдесіп мұнара
тұр тұнық, көкпен.

Қайқайып «қара алтынды» көтергенде,

Қара жерге тізеден кіріп кеткен...