ВЕРНУТЬСЯ

       Менің үйім
неге анау шатқалда емес,

Есім кетіп, еркімді ап мақпал белес,

Отты айнала билетіп отырсам-ау,

Перілерді қызықтап батқанда кеш.

Ішінде емес неге үйім мына құздың,

Кешіп ішіп тұнығын тұманыңның,

Шала мас боп шалқамнан жатпас па едім,

Бұрымына оралып бұла күздің.

Ешкім мұнда келмесе іздеп мені,

Сұлуланса, сұқтанса құз бөктері,

Бір түні мен ұйықтармын,

ұйықтаған
соң,

Кетеді ұшып бұла күз қыз боп пері.

Оралмайды ол енді жерге мүлде,

Қызылшақа жыр қалса жөргегінде,

Жүрегіме орасам сол өлеңді,

Көзім жасын тыя алмай көргенімде.

Кеудем тосып шарпыған отты желге,

Айқай салсам түсіріп көкті жерге.

Ең жақсы өлең сол өлең болар еді-ау,

Бізге бірақ о шіркін жеткізер ме?!