ВЕРНУТЬСЯ

      Сенің тоның өтпеді - «қазақта ес жоқ» деп келдің,

Менің жырым өтпеді - мен баспаны жек көрдім.

Өте дұрыс айтасың (айтады-ақ қой білген ер):

«Күртесі жоқ, тоны жоқ халқым қайтіп күн көрер».

Саған ауыр соқты-ау, ө, бізді қойшы, тәйірі,

Өлең керек өкімет болған емес, зайыры.

Ай, Молдеке, Молдеке, айхай, бөрім Молдеке,

Заманы кеп, Алашты сұрап тұрған ер көке.

Сіздей ерді қапа еткен бү қазаққа не дерсіз,

Бізді қойшы, Құдай-ай, өлген ел жоқ өлеңсіз.

АҚШ, Қытай, кәріс бар - кәсіп үйрен сен құрап,

Қытайша өлең жаза алман, кәріс те емен мен бірак-

Көш соңында ілбіген біз бір жауыр дөненбіз!

...көрерміз!