ВЕРНУТЬСЯ

        Кідіре тұр кішкене, бұраң белім,

Сауалым бар өзіңнен сұрар менің.

Қайда апарып қойдыңдар біздің шалдың

Құр ат
беріп жасатқан құранды ерін?

Баяндайын өзіңе, қалқам, бәрін,

Дұрыс
болмас жабыдай жалтарғаным.

Ерге қонған екен ол он сегізде,

Жиырмамда мен айыл тарта алмадым.

Тебінгісін ақ көбік терге көміп,

Жүргенімде жастықпен делбе болып,

Ана жылы ауылдан ап кетіп ед,

Алматыға мен емес, сол керігіп.

Қара үлектің көнімен кәлдектенген,

Шеберлік-ай осынша сән бөктерген,

Ақ жабудың үстінен мойнын созды

Таныды ғой иесін арнап келген.

Қағбам осы болып тұр қазір қарар,

Қазір қарап, елімнің сазын табар.

Біздің ауыл таңбасы - бұл үш әліп,

Өшірме оны - әруақтар назырқанар.

Нақышы бұл
киелі паң даланың,

Бояуы да осында бар, қарағым.

Сары шалдың өзі емес, көзі қапты,

Сөзі қалса жарар ед сары баланың.