ВЕРНУТЬСЯ

   Неткен
дауыс?!

Зарлы
еді үні қандай?

Ай
қосылып өксіді аспандағы.

Кеудеден
мұң әлдекім сылығандай,

тастан
ғана жүрексіз жас тамбады.

Ол
жылады... Жылатты бар ауылды.

Ашық
күнде аңдаусыз жай ұрғаны-ай!

Ажал-мерген
дәл ұстап қарауылды,

адал
жанды тәнінен айырғаны-ай!..

Ол
жылады... Жылатты бұ халықты.

Пенделерді
жылатты тірліктегі.

Үні
қанша бұзғанмен «бұғалықты»,

бұза алмады қойылған бір нүктені.

Ол
жылады... Сең көшті жүректерде.

Дауыс
жетті қара шың - қамалдарға.

Жалап
өтті бойымды бір от-перде...

Жаратқанның
ісіне амал бар ма?!

Амал
бар ма?!

«Қарқ» етті бір көктегі жаман қарға...

қараша, 1968 жыл.