ВЕРНУТЬСЯ

       Әлқисса, Сарыөзен арнасына сыймай буырқана тасыды. Салық оба
басындағы тас мүсінге келді. Тас мүсін. Өткен жазда Петербургтен, Россия География коғамынан келген
этнограф-ғалым А. Небольсинмен болған сұхбатты еске алды.

- Сармат ауылдары Ларкионды сатып кетіп отырған, - деді Салық.

- Мүмкін, - деді Небольсин ойланып.

- Мүмкін емес, анық. Әйтпесе, Ларкион жеңілмес еді. Аңыз солай дейді.

- Тарихқа бір жақты қарамау керек. Ол аңызды кім шығарғанын біз білмейміз ғой.

- Жоқ, олар сатқындар! Мен оған сенем.

- Е, Салық, Салық.
Тым сенгішсің сен.

Олар үшеу еді. - Небольсин, Салық
және тас мүсін... «Тым
сенгішсің сен!» - Небольсиннің даусы құлақ түбінен естілгендей болды. Салық
басын көтеріп алды. Түн. Қап-қара
түн. Етектегі ауыл абыр-сабыр...

 

        ТҮН. ТАС МҮСІН. БАҚСЫ

Қараша ауыл шаруа қамын ұмытып,

Қара шекпен делеңдеді, күпінді.

Қара қазан қарнын отқа жылытып,

Қара шөугім шоққа шырт-шырт түкірді.

Кең төсіне қондырып ап ымыртты,

Манаурады қыр тегіс.

«Үркер айдың қолтығына кіріпті,

Ал қайырдым бір тоғыс.

Бір тоғыста қозы
отықты, жайылып,

Үш тоғыста шөп орам.

Шүкір, Алла... жусан басы айырық,

Болсын дейім ел аман».

Шал келеді ай-аптаны бөлмелеп,

Салық мырза қасында.

«Сабыр бақсы әлдекімді емдемек», -

Дабырлайды ел қоңыр жота басында.

«Әне бақсы!»

Ақ пышағы жалақтап,

Жын атасы шықты жұртты айналып.

«Пері қаққан» бейшара тұр алақтап,

Әйелдің тас мүсініне байланып.

Сабыр бақсы селкілдетіп денесін,

Шаршысына толды да,

Уға малған сөздің өткір жебесін

Боратты әлгі сорлыға:

- Сөздің басы біссіміллә,

Біссімілләсіз іс қылма.

Тең, тең болар, тең болар,

Теңді шешкен ер болар.

Мен жөнімді айтайын:

Құйма алтынмын - құйып ал,

Үйме алтынмын - үйіп ал,

Терме алтынмын - теріп ал!

Кесек-кесек алтынды

Кезегімен құсамын,

Бөлектеп ал, бөліп ал.

Сенің жөнің айтайын:

Темірлі тау шетінде,

Тепсінген жел өтінде

Теректейін жайқалған,

Теңіздейін шайқалған

Темпең ханның елі бар.

Оң қолында он жылан,

Сол қолында сом жылан,

Босағада боз жылан,

Керегеде кер жылан,

Сәні бөлек сол ханның

Сәйпіл деген қызы бар,

Сені каққан сол пері,

Қатарына серке еді,

Қаһарлыға ерке еді,

Жүрген жері өрт еді!

Тапыр-қапыр, бағыл-бығыс,

Сапы-қапы, бапы-қапы!

Сахабадан тарайды

Біздің арғы түбіміз:

Асқар қожа - піріміз,

Байбота, Серік кісіміз,

Сәйпіл пері, тұра
тұр,

Бізбен болсын ісіңіз.

Өртеңде өрген отыз жын,

Өрт ағыстан өт енді,

Өкпелетпей, жет енді.

Тоқсан түмен толқын жын,

Көріп тұрмын
төбеңді,

Көп күттірмей кел енді.

Сарыөзенге тұншыққан,

Қатын патша, сен де кел,

Түйеге артқан тенде кел,

Түтей соққан
желде кел,

Жаяу келме, атты кел,

Баяу келме, қатты кел,

Қылышыңды ұстай кел,

Қимылыңмен нұсқай
кел,

Қаһарланса, қан ішкен

Қара самұрық құстай
бол.

Әңкүр-тәңкүр, быжы-тыжы,

Мекрі-кекрі, тыжы-күжі,

Аһ, Ой, Оһ-һ-һыы-ы!

Аһ, Сәйпілменен алысып,

Шақырғанда қиналып,

Ойдан-қырдан, Қырымнан,

Кәуір елі Ұрымнан,

Жүз жиырма екі қонағым,

Келдіңдер ме жиналып?!

Ұзарғаны
шапанның,

Қызарғаны сақалдың -

Тоқсан жыным тоғысты,

Отыз жыным болысты,

Сәйпіл пері, әнеки,

Қара бас қу боп ұшты... Қу-у-у кетті...

Көзіменен көрсін деп

Біздің осы жеңісті,

Фатиманың тұрпатын

Жіберді Алла аспаннан.

Жанарын көр жас тамған,

Мұны тас деп қалмаңыз,

Назар салып барлаңыз,

Аяқ-қолы балғадай,

Екі беті алмадай,

Жоғарғы ерні дірілдеп,

Сөйлеп кетер ме екен-ау,

Аяғын құш, бол, жылдам,

Heгe тұрсың,
көкем-ау...

Бақсы
ойнақтап шығып кетті жотаға,

Әйелдің тас мүсіні

Тас көзімен жеп барады, о, тоба,

Есі ауысқан еңгезердей кісіні.

Сорлы міскін талып түсті шыңғырып,

Ел шу етті:

- Есі кірді, құдірет!

- Батырға да жан
керек, - деп күлдіріп,

Қыл арқанды шешіп жатты бірі кеп.

Қорыққаннан тұла
бойы түршігіп,

Сорлы жігіт жылап тұрды еңіреп.

- Гипноз бүл, - деді Салық күрсініп.

- Қитар көзі
түзелді, рас, - деді көп.

Қорыққаннан түла
бойы түршігіп,

Сорлы жігіт жылап тұрды еңіреп.

- Шамандық бұл, - деді Салық күрсініп.

- Жамандықты
тұсады, рас, - деді көп.

Бақсы кетті аруағы асып қырланып,

Халық кетті
«керемет» деп расында.

Салық қалды
сансыз ойға шырмалып

Тас мүсіннің қасында.

«Қиылып тұр
қасы, көзі, кабағы,

Қашалған ба сәнге құр?

Томиристей жезтырнақтың садағы

Мерт ететін Ларкион ба әлде бұл?

Кімдер өлді, зорлық етті кім кімге,

Тіл бітсе егер, кетер еді-ау сарнап бір.

Томириске қашып өткен бір түнде,

Бәлкім, сатқын сарматтарды қарғап тұр.

Тұрады әлі,

Мәңгі бақи тұрады

Сатқындарды әшкерелеп тас мүсін.

Өз еліне опасыздар жүр әлі,

Отансыз боп, бұралқы боп басқа үшін.

Әлде, әлде қамағанда көп дұшпан,

Көз талдырып жақсылыққа сараң дүз,

О, Батразд, сармат үшін оққа ұшқан

Сені тосып, тасқа айналды алан қыз?

...Білімімді,

Білігімді есептеп,

Кеудем менің өкінішке толады.

Сенем саған жұмбағымды шешед деп,

Петербург,

География қоғамы.

Айырып бер алтыны мен жасығын,

Петербург, сенетінім сен ғана».

Эрмитажға тағы да бір асылып,

Жөнелтіп caп, ұйықтап
жатты кер дала.

Әрі ғалым,

Әрі нағыз ғарып ер,

Аша алмады өз қолымен түңлігін.

Ертеңгісін тұрды иіріліп тағы да ел,

Тұрды иіріліп түрлі пиғыл, түрлі ұғым.

Сыртқа
шықты сөздер ішке сыймаған,

Секілденіп шарт тұтанып кеткен қау.

- Қожаң бізге Хақтың өзі сыйлаған

Фатиманың тұрпатын да көп көрді-ау...

Қазақы ұғым...

Іле-шала сөз алды ол:

- Е, әлбетте,
текке айтқан ба озалда ел:

«Арамдығым білгің келсе - бозам көр,

Сараңдығым білгің келсе - қожам көр».

Ұйқтап жатты,

Ұйқтап
жатты керең қыр,

Тұрды ырғалып мыртық жусан өспеген.

- Әй, жарайды...

- Шүкіршілік, -
деді ер бір, -

Тасыңды алмай, басыңды алса, не істер ең?!

 

        II. Дәулеткерейдің үйінде

Дәулеткерей:

Үлпет қып өз ініні, жақсы ағаны,

Бұлбұлдан күй үйренген бақшадағы,

Немесе қара бура хан Шығайдың

Желге өрген жез бүйдалы ақша нары.

Жан дерті - періште күй пәк саналы,

Мысалы қоңыр кештің ақ самалы.

Уланбай еркін аққан таза бұлақ,

Маңайын бүйі буып жатса дағы.

Атаның алтын жиек тағы бар-ды,

Тақ-дәулет, азан-хаумет - бәрі қалды.

Құт дарып, қыдыр қонған шаңырақтың

Еншіге сәйкі жігіт сәнін алды.

«Қосалқа» көкейкескен, жарған өзек,

Аптыққан асау «Жігер» арманы өжет.

Ауылына алпыс екі «Ақ желеңнің»

Бір түнде ат шалдырған алма-кезек.

Ақ орда алтын үзік, дөдегелі,

Бүгін де салтанатқа бөленеді,

Жағалай көлбеп жатқан жасыл шапан

Бір-бірден иемденіп керегені.

Дегендей жасыл шапан не біледі,

Ахмет, Ғұбайдолла
керіледі.

Сары ала эполеттер

Шуақтаған

Сары үйек жылан сынды көрінеді.

Бұл екеу
жолбарыстың мәулендері,

Кер асу, тарғыл ала тау белдері.

Тамамдап Петербург Паж корпусын,

Жүріп тұр
мәулендердің дәурендері.

«Осылар қонақ-ау» деп көңіл бөлмей,

Сүлесоқ сөйлеуге де ерінгендей,

Шорт үзді «Желдірмені» Дәулеткерей,

Бұдан да
айнығандай, жерінгендей.

Сол күйді Меңдігерей
жалғап әрі,

Екі ішек безектейді, зар қағады.

Түсе алмай қылмаң қаққан алтайыға,

Қантүбіт қайта-қайта алданады.

Бес саусақ сағақ жаққа сан жүгіріп,

Қағысқа Меңлігерей салды қызық.

Осы сәт ақ ордаға Салық кірді,

«Сарыөзен» шолтаң етіп қалды үзіліп.

- Түстің бе, ей,
мақсұм аға, сен көктен кеп?!
-

Қағытып жатты Ахмет:

- Төрлет, төрлет.

- Әрине, төрге
өтем ғой, - күлді Салық, -

Өзге емес, шақырған соң корнет кел деп.

- Тоқтатпа, сілте!

Сілте! Сілте, Меңеш,

Мен үшін күйден ешкім үлкен емес! -

Ахмет және Ғұбайдолла
Бөкейхановтар - Жәңгір ханның

Мінезін Дәулеткерей тағы аңғартты,

Тік төре айтар сөзін күлтелемес.

Күйшіміз терін сүртіп баптанғасын,

«Сарыөзен» лықсып келіп тапты арнасын.

Қалыпқа қайта түсті ауыр ырғақ,

Мысалы зергер құйған ақ қорғасын.

«Сарыөзен -

майлы қиян, жер науаны,

Дертіме табар ма екем ем-дауаны,

Тарихын таспен емес,

жаспен жазған

Біз дағы тозған елдің кембағалы.

Түгінен жазады екен түлкі қасқа,

Кеңдіктен қазекеңнің жұрты басқа.

Айғыры әлдекімнің жер тарпиды,

Сол жұрттың құлын-тайы шүрқырасса.

Әупілдеп үргені үшін сыйлық алар,

Қорашыл көпек иттей үйді бағар.

Немесе тойғанға емес, орғанға мәз,

О, біздід миғүлалар, миғұлалар.

Жарайды, ханың кетсін, биің келді,

Би келіп, өз жақынын иірді енді.

Өзге үшін ру емес, ұлтың керек,

Құдай-ау, соны ұғу
да қиын ба енді?

Бес саусақ - бір жұдырық - көршің міне,

Би түгіл, сұлтаныңды
менсінді ме?

Бірліксіз тау болсаң да - қу төбесің,

Білімсіз тең болсаң да - кемсің міне.

Ұл өсті -

Ұлықтымен ауылдас бол,

Қыз өсті -

Қылықтымен бауырлас бол!

Ырысы жұғысады
- малыңды қос,

Білімі ауысады - қауымдас бол».

Быт-шыт қып мұз құрсауды жарып-бөле,

Тоқтады
омыраулап алып кеме.

Бурылды Дәулеткерей сонда барып:

- Сөйле енді, хабарыңды айт, Салық бөле!

Салық:

Жалпы ішінде жалқысың,

Дүр шашасың, сілкінсең.

Күйге берген ықыласыңның жартысын,

Тәңір үшін, елге берсең, шіркін, сен!

Дәулеткерей:

Таста тамыр болмайды,

Төреде Тәңір болмайды.

Салық:

Сұлтан
елден сырт қонса,

Ұлтан
болар боран күн.

Төре, қожа өз алдына жұрт болса,

Тілі кәне, жері кәне олардың?

Дәулеткерей:

Менде күй бар!

Басқасының бәрін ал,

Тиіспеңдер күйіме!

Түсінгенім - адам да бір жануар,

Түкірдім мен сұлтаныңа,
биіңе.

Салық:

Ал күй тыңда, ендеше,

Ием дейді-ау сені де ел,

Домбыраны бері бер!

Тоқтатып шекімені, сылдырлақты,

Үйтқытты асау екпін күллі ырғақты.

Ашылып сықырлауық сол екпіннен,

Өрнегі ши есіктің дір-дір қақты.

Өрнегі ши есіктің дір-дір етті,

Араннан боз арғымақ ырғып өтті,

Қазығын қара бура жүлды, кетті,

Ол сосын орда жакқа бұрды бетті.

- Оу, мынау
«Кішкентай» ғой.

- Жоқ, бүл «Адай!»

Көсейді қолыменен отты қалай.

Тентек күй бұрқ-сарқ етіп тына қалды,

Тас жарып қайнап жатқан көк тұмадай.

Сазарып Ғұбайдолла,
үндеген жоқ.

- Да-а, - деді Меңдігерей білмеген боп.

Күй қалды,

Арсы-гүрсі күймен бірге

Айтылмай бір сөз қалды тілде кермек.

Қамаған «Исатайлап» аршыл Адай

Кек үшін қан сұрайды, мал сұрамай.

Үй толы Нұралының көп тентегі

Дүр етті қоян жұтқан қаршығадай.

Бір дауыл келе жатты шаңытқалы,

Асылды бір әзәзіл жабыққа, өні.

«Өнерде ұлт
бар да, ру жоқ» деп,

Қолға алды домбыраны Салық тағы.

Дауылдың бетін теріс бұрып өлгі:

- Дұры-ыс, - деп
Дәулеткерей ыңыранды,

Адам - ит бір-бірінің етін жеген,

Өнерде қай атаңның қүны қалды?!

Күй деген дию екен Хақтан күшті,

Майса қыр шарт түнерді мақпал түсті.

...Құтқарып жұртты ыңғайсыз күйден кенет,

«Дүрс» етіп сыртта біреу аттан түсті.

Бұрқылдап
әлдекімді даттай беріп,

Сүрініп босағадан аттай беріп,

Поручик домаланып кіре берді,

Нығарлап ұрып-тыққан қаптай болып.

Ашуын отыр екен шаққа бөгегг,

Шаңқ етті Ғұбайдолла
қап-қара боп:

- Кру-гом!

Шагомм-арш!

Рұқсат қайда,

Тексіз ит, бұл
үй саған ат қора ма ед!?

Ашулы арыстанның кәрін көріп,

Поручик атып шықты мәлін болып.

Jlaп етіп шарт тұтанды
ұшқын ашу,

Кен шалқып кетпесе игі жалын болып.

Төресі, төлеңгіті қораланып,

Отырды моп-момақан бола қалып.

- Хат бар-ды губернатор тапсыр деген.

Поручик қайта кірді домаланып.

«Бұйырды
тағы нені, нені өтінді», -

Орнынан көп старшын өре тұрды.

Асықпай Меңдігерей
пакетті ашып,

Оқып ап, басын шайқап көп отырды.

Хош хабар айтқан сынды арамдарға,

«Қарқ» деді тұрып-тұрып жаман қарға:

«Ордаға келеді ертең губернатор,

Күтеміз... одан басқа амал бар ма?».

 

       III. Орда. Бал.

«Айналасы айшылық,

Кәлденеңі күншілік,

Алыстан мұнарасы панданатын»,

Орда осы Байток ақын таң қалатын.

Кең залда самсап тұрған ер қаруы

Тағы да салады еске хандар атын.

Келеді губернатор тамашалап,

Шығайдың мылтығы анау «ала шолақ»

Қайта кеп Әбілқайыр қолға алардай,

Шірейді адырнасын қара садақ.

Дегендей мен қазақтың ұранымын,

Жалтылдап Бөкей қылыш тұр өлі күн.

Қақ төрде шолак жеңді тор көз сауыт

Қарайды көзіменен Нұралының.

Куәсі мұң мен тойдың сол күндегі -

Домбыра, ұмтылардай
ол да ілгері.

«Жинаған менің ием бәрін» дейді

Жәңгірдің жарқыраған ордендері.

Төбеңде ойнайтындай ұрандай кеп,

Иреңдеп камшы жатыр жыландай боп.

Асықпай Ғұбайдолла
баяндайды,

«Ал мынау, мәртебелім, мынандай» деп.

- Үш завод
салдыратын алтын, бар, ә... -

Жымиды губернатор салқын ғана.

Төгілген парсы кілем, жақұт, маржан,

Айнала көзді арбайды жалқындана.

Самсаған асыл тасты санап тағы,

Адъютант есі кетіп, алақтады.

«Апыр-ай, аман қалса жарар еді

Тарихтың жыртылмаған парақтары», -

Соны ойлап сұп-сұр болып Салық тұрды,

Бір тілек зарықтырды... зарықтырды...

Адъютант жылмаң қағып, «ескерткішке»

Сабы алтын бір кездікті алып тынды.

Мозаика, мың құбылған
сырлы шыны,

Шынының іште жатыр түрлі сыры.

Қиылды Дәулеткерей қайнысына

Фатима - жолбарыстың ілбісіні.

- Кәнеки, ақ сұлтаным, маймаңдатқын,

Сазын сал жапырағын жайған бақтың.

Ордамның сәні әлі де кетпепті деп,

Аруағы ырза болсын хан бейбақтың.

Күйшіге аппақ мойнын бұрды ханша,

Ханша емес, тауға біткен бүл бір арша.

Жанарын мөлдіретіп келіп тұрды

Желіде жалғыз қалған мұңды нарша.

Көлбеңдеп «Көркем ханым» билеп кетті,

Су бетін сызып ағып үйрек кетті.

Қара ку қауырсынын нұрмен шайған

Қарады қаз дүрмекке күй боп текті.

Қарады қаз дүрмекке күй боп текті,

Менсінбей генералды бүйрек бетті.

«Сен түгіл, ақ патшанды ұрдым ба» деп,

Қу шанақ «Топан» селді түйдектетті.

Қу шанақ, ойбай, тоқтат желігіңді,

Желіксең, өксітесің өміріңді.

Шылымның түтінінен оймақ жасап,

Мырс етті губернатор - нені білді?

Сол түтін босаға емес, төрден өріп,

Тұрды да
сақина боп дөңгеленіп,

Ақырын саф ауаға тарап жатты,

Гүлдердің жапырағын желмен өбіп.

Білген жоқ қырдың нәзік гүлі бүгін

Тамырға сіңетінін түбі мұның.

...Бітірді Меңдігерей
тосын міне,

Мадақтап ұлығының ұлылығын.

Іркілдеп босағада қара саба,

Дейтіндей «қымыз лайық тамашаға».

Салықты қолтықтап ап губернатор,

Бөлініп шықты осы сәт оңашаға.

- Білемін,

Түсінемін барлығын да,

Бос жүріс сені, әрине, салды мұңға.

Баласы бірге оқыса қандай жақсы

Байдың да, бағланның да, жарлының да.

Жас досым, «білім деген жарық күн» деп,

Шақыр сен мектебіңе халықты үндеп.

Таныстыр өзге жұртқа сұмдық былай

Өзіңді инспектор Салықпын деп.

Керілді генералдың түк қабағы:

- Сол үшін бір тост алсақ...

- Құп, болады.

Қазақты көрмегендей шарап ішкен,

Адъютант неге мұнша сұқтанады?

Адъютант неге мұнша тесіледі,

Апыр-ай, бүлдіріп тұр осы нені?

Шарапта у бар-ау деп ойлаған жоқ

Қазақтың қара маңдай есіл ері.

Қызықтап Фатиманың жаңа биін,

Қазақтар тыңдайды елтіп дала күйін.

Ертерек шығып кетті Салық биден,

Жүрегін шаттық кернеп ала құйын.

Дала гүл көзін шықпен шылап түнгі,

Ертесін тұман жапты қырат-қырды.

«Қожам-ай!» деген үннен ел оянып,

Орнынан Дәулеткерей жылап тұрды:

«Салық өлді дегенше,

Халық өлді десейші!»

«Ах, қандай ауыр қаза!

Салық өлді!

Жас еді келе жатқан жанып енді...» -

Сары ала генералдың

осыны айтып,

Бас шайқап, аһ ұрғанын бәрі көрді.

Айтты елге сол генерал қамыға кеп:

«Жерлейміз Жәңгір ханның жанына», - деп.

«Адъютант, некролог әзірлеңіз»

Дегенді қосып қойды тағы бөлек.

«Шынында, артық туған ер бұл ерек», -

Сөйледі жанашыр боп елді демеп.

«Жүрегі... куаныштан...» - деді фельдшер,

Деді де, жылап қоя берді кенет...

Сол фельдшер өксіді ұзақ демі құрып,

Адъютант ұзын
мойнын бері бұрып:

 «Өлікті тексерту де,
қайта ашу да

Бұл елдің
салтында жоқ», - деді күліп.

«Не пайда көп дегенмен емен-терек,

Өзіңдей тұрмаған
соң көлеңке боп».

Екі жар - Еділ-Жайық өксіп жатты:

«Арысым,

Емделмедің неге ертерек?!»

Сағым өрген

Сары белден

Осылай тағы бір күй жолға шықты:

«Салық өлген».

 

       ОБА ЖЫРЫ

(Эпилог орнына)

XX ғасыр. Әлқисса, Сарыөзен арнасына сыймай буырқана тасыды. Асау толқындар қара оба жақ жердің арғы бетінде жасырынып жатқан әлденені жан сала
іздегендей жапа-тармағай ұмтылды. Табанын толқын кемірген жарлауытар
гүрс-гүрс құлап жатты. Ақыры, жардың бетіне сансыз адамның сүйегі самсай шыға келгенде, Сарыөзен сабасына түсті. Қайыр сұрағандай созыла түсіп қатып
қалған қолдар, зұлмат тағдырды мазақтап сақ-сақ күле жөнелетіндей боп көрінген қу бас, сыңарын
іздегендей шошайып тұрған аяқтар,
саусақтар, омыртқалар, қабырғалар, жапырақ бас алан жебелері қара жардың
бетінде қатталып тұрды... Қатталып тұрды,
қат-қат кітап секілді әлі оқыла қоймаған.