ВЕРНУТЬСЯ

       Оңда - мақта,

Солда - мақта,

Кеңістік.

Қой-ешкі жүр арық бойын өріс қып.

Түйелерді қуып тықты қораға

Ауыл жаққа ентелеген егістік.

Қуып тықты қара саннан шыбықтап,

Шынжыр болып тілерсектен іліп қап.

Tapс
бекітті тас қораның есігін,

Ауаткомның қаулысымен құлыптап.

Шөп тасиды есегімен шал бүгін,

Аяп аппақ ботақанын - зарлығын.

Шалың бүгін екі етпеуге үйренген

Бастық болған баласының жарлығын.

«Боздатпа анау ботаны» деп жекіріп,

Қажыған боп,

шаршаған боп өтірік,

Бастық бала қонақтармен төргі үйде

Шұбат ішіп
отырады кекіріп...