ВЕРНУТЬСЯ

    Отқа оранып жүреді ішім кей
күн.

Кешір, әке...

Бөтен бір кісіңдеймін...

Сойқаны көп ойымның сен түсінбес,

мен де сені кейде шын түсінбеймін.

Сөз қайырып шаршадым - бар шындығым.

Өлец іздеп аршылды ой, аршылды мұң.

Тоз-тоз болып шашылды арман шіркін,

естілгенмен кейде рас аршынды үнім.

Таба қылмай жандарға иық керген,

көрінсем бір деп едім
биіктердеп.

Жүрегімді жар-қия жаралады,

жабырқады жан ұлың сүйіп көрген...

Ойдың төрі - от, жалын, құйып кілең,

өмір өтіп келеді «қиындымен».

Сөзін сатқан пендесі көп
қалада

жүйкелетті сананы жиып кілең.

Пәтер кезіп, жүдедім... Қиын
күнім...

Жасырмаймын, ашумен жиылды мұң.

Ауыр қала - Алматы... Көріп
келем

адал ғұмыр кешудің қиындығын.

ақпан, 1974 жыл