ВЕРНУТЬСЯ

       «Бұл -
жүрекпен еститұғын асқақ үн,

Көруің аз,

оқу керек тастарын.

Тұрпатында бес кешеннің сәні бар,

Тұрысын-ай қасқаның», -

Деп кезінде жырға қосқан көп ақын,

Сары белде сағана там болатын.

Бір-ақ түнде құлап түсті сол кеше,

Дүр сілкінтіп Келінтөбе қолатын.

Қап-қара боп кеткен қышқа үңіліп,

Ауылдастар мәнін енді тұр ұғып.

Сыр берместен келіпті ғой, тектім-ай,

Сырты зордай,

Іші бордай үгіліп.

Жерге құлан тартып туар озалдан,

Сағанамның сарқытынан көз алман.

Іштей тынып,

өзін өзі жей берген

Бір ол емес,

бір ол емес...

О, Жалған!..