ВЕРНУТЬСЯ

   Салтанаты қаланың
жеріткендей,

көкжиектер көңілін
еріткендей,

сезім қашып барады
қанаттанып,

қою қара түндерде...

Еліктердей...

Сана төрін сызғылап құйындаған,

ессіз күндер - бұйырған, бұйырмаған;

ағараңдап барады арман қашып,

омырауын жел сүйіп, күй ұрлаған.

Күміс тұяқ...

Күміс өң

шыйырлаған...

жанарында: қою түн, қиыр
далам;

төзім үркіп барады
тау-таспенен,

жырдан өзге ешкімге сиынбаған.

Кейде күліп, қуанған, нала
қысып,

жалғыздығын жұбатқан шарап ішіп,

қоңыраулы таңдарды күмбірлетіп,

омыраулы кездерім барады ұшып.

Барады ұшып, заулаған еліктердей,

салтанаты қаланың
жеріткендей,

сары қырға салқиған сағым құшқан,

(ақыл менен санаға ерік
бермей),

сезім қашып барады, сезім
қашып,

сөзім қашып барады
еліктердей...

2 қаңтар, 1980 жыл -

18 сәуір, 1995 жыл