ВЕРНУТЬСЯ

  Сам жанып, басып жерді сыз

Ай аққан түнде келермін,

шатырлап аспан... Белгісіз,

жай атқан түнде келермін ?!.

Бастауын шайып бұлақтар

тулаған кезде келермін,

шашбауын өріп құрақтар

шулаған кезде келермін.

Ойпаң бел... Оймақ қыраттар

жонданған кезде келермін,

ой желке күлік, құр аттар

қоңданған кезде келермін.

Келермін бәлкім таңды ұрып,

келермін бәлкім кешті ұрып,

таңкурай бітіп, жаңғырып,

құлазып жатқанда Ешкілік.

Сабырын таусып Сары Адыр,

қураған кезде шалғыны,

келермін іздеп, қара бір,

Шиелі өзек...

Шүңгіт...

Талдыны...

Ерте ме, кеш пе бір келем,

Сагынышымменен жолды ырғап,

Ай туған шақта іргеден,

қарағайларға қол бұлғап...

7 қараша, 1979 жыл