ВЕРНУТЬСЯ

          Сары да сары, сары бау,

Сары ағаш тәнін салқын бір ызғар

қарыды-ау.

Біздің қарлығаш жем тасуда әлі ұяға,

Бұ
қарағымның ойында не бар,

Тәңірі-ау?!

Құс қайтып кеткен, қан күрең

тартып долана,

Топтала қапты тобылғы сидақ торы ала.

Түнімен қыстың хабарын күтіп,

таң ата

Түрегелді тау түбіт бөкебай орана.

Қарлығаш қалқып қонады қайта

қурайға,

Қурайдың күні бұған да ертең

тумай ма?

Балапандарын аяса нетті, бар болғыр,

Ел қайда, жазған, су қайда?!

Бет қаратпайтын бетпақ жел алып

зықымды,

Беткейде тұрмын
таба алмай бір сөз

ұтырлы.

Бейғам шопанға ренжитұғын

бейуақ кеп

Берекесіз ауылдың веттехнигі сықылды.

Осындай бір ақ таңда,

Қала ұйқыдан енді оянып жатқанда,

Дәл осылай әлем-жәлем жан-жағы,

Шуға толды Алматының вокзалы.

Токтаған сәт поезд ауыр тербеліп,

Сыртқа ұмтылды
ел келіп.

Тоқаш көкем шықты дағы вогоннан,

Перрон бойлап жүрді біраз сенделіп.

Алматыны жек көріп,

Тісін қайрап, әлдекімге кектеніп,

Елге қайтып кеткісі кеп оқталды ол,

Тамағына бір ащы жас кептеліп.

Тамағында бір ащы жас тұрды енді,

Құбылды ақын, әй, құбылды, түрленді.

Жер-жебірі, жекен суын қалдырмай

Сөккісі кеп кімдерді:

«Елге кетсем, жабықпас та ем

жалғыз боп,

Ен ағайын тұрса
қоршап бармыз деп.

Учаскелік милициямен дос болсам,

Сельсоветің бастығымен қарбыз жеп.

Айына бір барып келем базарға,

Әйел байғұс - мәз ол да.

Биік дуал, ұзын пахса, қоржын там,

Келес бойлап кетсем шығып азанда.

Бәрін қайта бастасам-ау мен енді,

Ақын Тоқаш Бердияров дегенді

Тек аудандық газет қана таныса,

Оның өзі баспай қойып өлеңді,

«Өлеңіңіз, - десе, - жүдә көлемді...»

Тоқаш көкем «аһ» үрды.

Мың сан халық, бөтен дауыс, жат үнді

Алматыны аяп кетті ол кенет,

Ал Алматы аямайды Ақынды.

Соққан
желді тауы кері қайтарып,

Дәл осылай тұрды Алматы жайқалып.

Келе жатты ақын кешке үйіне

Дәл мендей боп трамвайда шайқалып.