ВЕРНУТЬСЯ

        Анашым,
«көкелеріңді көрдің бе»

Деп маған айтып па ең -

Далалық почта көп,

Оларды табамын қайтіп мен?

Тоқаш Бердияров

Пәтер іздеп көше кезген сабыла,

Сол Аманхан екеуімізді тағы да

Тоқаш көкем алып келді бір күні

«Қаламгердің» барына.

«Қаламгердің» ыза-қиқы барында

Отырды ақын құлақ
аспай дабырға.

Отырды үнсіз мундирі жоқ генерал,

Екі бірдей адьютанты жанында.

Екі заряд тебісіп қап біресе,

Екі мықты иықтастық тіресе.

Бір нүктеге қадап алып жанарын,

Өзі жазған «Мұз
адамдай» сіресе,

Рай бермей не түйілген, не күлген,

Көкем отыр, шықпай отыр көңілден.

«Мына шалың жаралған ба-ей темірден,

Heгe бізді мақтамайды?!» - дедім мен.

Тоқаш ақын қабағында мұң тұрды,

Екі жүрек мақтау күтті, бұлқынды.

Осы ма әлде «керуен көшті, ит үрді»,

Өзімізді аяп кеттік біртүрлі.

Күрсінді
ақын (біз отырмыз үміткер):

- Түнде, - деді ол
жанарында тұнып көл, -

Түсіме енді соғыста өлген қос көкем,

Дәл сендердей еді олар да, жігіттер.