ВЕРНУТЬСЯ

          ...Сонау бала кезімізде қызыға оқитын арабтың таңғажайып ертегілер
жинағы «Мың бір түнде» Шын-Машын елінен келген айдай сұлу арулар туралы
айтылатын-ды. Тіпті қараңғы бөлмеге кірсе, солардың нұр дидарынан үйдің
жарқырап кететіні жөнінде жазылған тұстар да бар. Бәріне сенгіш бала көңіл сол
әсірелей айтылған суреттеуді ақиқатқа балаппыз. Тек бір таңданатынымыз-
«Жағырапиялық картада жоқ, ол қандай ел екен?» деп...

Дұрысында, ол жағырапиялық картада бар, тап қасымыздағы ұлы
Қытай елі болып шықты. Бүгінде бүкіл әлемнің назары ауып отырған, көне өркениет
елі және қазақтың мәңгілік көршісі, Бейжиң Олимпиадасы өтіп жатқан мемлекеттің
орта ғасырлардағы арабша атауы екен.