ВЕРНУТЬСЯ

   Сөнбейтін оттың

қасында тұрмын,

сөнбейтін үміт, тілекпен,

сырқырап ойлар

басымда тұр мың,

жұлмалап, тартып жүректен.

Түтіннен,

оттан,

түнектен,

тірлікті қайта түлеткен,

түлеткен мына өмірді,

қырларға қайта гүл еккен,

сөнбейтін жалын

сөйлеген кезде - естілді,

естілді маған үн өктем...