ВЕРНУТЬСЯ

          Шаруаның көбі бітпеді,

Ойға алған
арман-мақсат көп.

Үдіре көшкен үттегі

Үргедек бұлтқа
«caп, сап» деп;

Үздігіп талай жалындым,

Үзгенде моншақ нұр-түндер.

Ұрсада жырын жанымның

Тыңдаса деп ем шіркіндер.

Қалды үнсіз бөгіп сағымға,

Барып ем тауға шоң мүсін,

Теберік берер шағында,

Теперіш көрген сорлы шың.

Өзенге келдім әйгілі

Өзінше шулап тасыған.

Қарабайға ұқсап
қайрымы

Аспады қара басынан.

Егеулі кездік - сырлы арман

Елеусіз неге ескірсін,

Дауылға толы жылдардан

Даусымды менің естірсің.

Тас-қайғың болса, уатып,

Тас-талқан етіп жіберем.

Қалай да саған, Уақыт,

Оқуым керек бір өлең!!!