ВЕРНУТЬСЯ

 "Сырнайлы
шақ"

Талайлар
қамығып іздеген

бұл шындық күрес пе?

Елес
пе?

Шиыры
бітпейді бізбенен,

сеземін,
тіршілік - егесте.

Жер
үсті аманда, шүкірлік,

өрілер
ғимарат, сарайлар.

Демеңіз
бұл сөзді күпірлік,

алысар,
жұлысар талайлар.

Біреулер
гүл іздеп үзбеген,

біреулер
сұлу жар аңсайды.

Біреулер
болғанша мұз дене

дүние
жинаумен шаршайды.

Біреудің
қызығы тым бөлек-

бақытын
іздейді қыздардан.

Ал,
ақын?.. Жүрекпен мұнды елеп,

іздейді
шындықты ызғардан.

Бұл шындық... Күрес пе?

Елес
пе?

Ғасырлар,
дәуірлер іздеген?

Сеземін,
мәңгілік - егесте,

сапары
бітпейді бізбенен.

Қараша, 1965жыл.