ВЕРНУТЬСЯ

        Ал «Көгаршын»,
тау бөктерле, тау бөктерле,

Қойып кет қою бұлтқа
заулап кел де.

«Әудемжер» жеткізбей-ақ әуре еткенде,

Көңілдер қайта-қайта ауды өткенге.

Ұстасып
неше алуан саз қайта шықпақ,

Түседі алшылы-шік айқасып қап.

Шығандап, шырқап алыс ұзайды әуен,

Мысалы бұлтқа кірген Ай қашықтап.

«Көгаршын» - төніп келген бұлттың әні,

Дірілдеп жапыраққа шық тұнады.

Отырыс өтіп жатты бірде осындай

Бас қосқан Мырзашөлдің мықтылары.

Естілік, тектілікті тел емізген

Қозғадық жаңамыздан, көнемізден.

Қазақпен бір жайлаған осы тауды

Қаңқылдап қаздар өтті төбемізден.

Ақ қаздар, қаздар, қаздар қардан аппақ,

Қарманып қассир жігіт қалды алақтап.

Саңқ етті көкке қарап қара мылтық,

Жалп етті - құлады
қаз қалбалақтап.

Құлады, құлады қаз домалай кеп,

Көк шалғын жапырылды қоғадай боп.

Хатшы апай: «Бұл
- қылмыс!» - деп бас шайқады,

Күрсінді редактор: «Обал-ай», - деп.

«Көгаршын» аспанға емес, орға атылды,

Әншіміз кемсең қағып зорға тұрды.

Тек ақын оттай ұйтқып
тулап еді,

Басшымыз «өй!» дегенде, ол да тынды.

Томсарып көнбіс жартас
көнек бетті,

Қия жол бізді төмен дедектетті.

Ысқырып қассир жігіт мылтығын ап,

Қалаға такси ұстап
бөлек кетті.

Өбектеп жұбатпады
кәрі шыңды,

Самал кеп көк бұлттарды
әрі ысырды.

Әр жерде қып-қызыл боп гүлдер қалды

Ақ қаздың шашыраған қаны сынды.