Заман
ғой...
Халық
пен хан сыйыспаған,
Жазықсыз
бір-біріне тиісті
адам.
(Бұл өлең Батыр баба Жәнібек-Тарханның құрметіне өткізілген
жыр жарысында екінші
жүлдені
иеленді)
Дау-шардан
аулақ болу ниетімен -
Тәуке
хан Үш жүзден үш
би ұстаған!
Үш
биге
орын сыйлап жұмақ
төрден,
Әрқайсын
сезге тартып сынап көрген:
"Би
үшеу болса егер де,
Дауы
-төртеу!"
-
- Аға би қайсыңсың? - деп сұрақ берген.
Әз
Төле сөз кезегін бұрын алып,
Былай
деп ой толғапты ыңыранып:
- Маңдайға жазылатын екі бақ
бар,
- Баянсыз:
Бірі
- мансап!
Бірі
- даңқ!
Бұл
екеу су секілді сырғанаған,
Құр атақ!
Кімге
қажет "уралаған?!"
Төрелік
айтар болар...
Төменде
емес,
Ең
биік шың басында тұрған Адам!
Шолады
екі жағын - етектегі,
Бірақ
ол бола алмайды -
Бекет
тегі.
Төменде
тұрған адам бас бола ма?
Жүретін
ат секілді - жетектегі?!
Жасым
бар:
Көне
- көзді, көпті көрген!
Тоздырып
талай ғасыр...
Өттім
өрден!
Ағамын
- екеуіңнен жасым үлкен,
Шығыппын
аруақты - текті жерден!
Хан-ием,
бұйырмаңыз мұны айыпқа,
Сынасақ,
орнын тауып сынайық та!
Мен
- биік шың басында тұрған кісі
Үлкенге
жол бермесе - лайық па?!
Сөйлесе,
сөйлейтұғын
қазып өткір,
Әзгеден
даусы да оқшау!
Назы
кеп бір:
- Әділ би бола алмайды аға деген, -
Деп
сонда қаңқылдайды Қазыбек би:
Алдында
болмаған соң - айбын ары,
Аға
би әділ сезден айрылады...
Ізінде
именері болмаса егер -
Іні
де - қазы айтудан қаймығады!
Көрелік
ашық сөйлеп,
Кеңес
құрып:
Неліктен
Үш жүз болып егесті жұрт?
Әділдік
айтар болар ортаншы би,
Ұстайтын
таразы басын теңестіріп?!
Алдында
айбынатын - ағасы бар,
Артында
тайғанаса - тағасы бар,
Қыспаққа
түскен адам әділ болар,
Билікке
Орта жүздің таласы бар!
Болмасын,
Болсын,
мейлі өз адамы -
Бір
биден бір би ғана оза алады!
Асықпай
тыңдап болып екі ағасын,
Алшыннан
Әйтеке би сөз алады:
-
Ағалап, қарсы алатын інісі бар,
Ағаның
іні үйінде - тынысы бар!
Ардақтап...
Атын ұстап...
Қонақ етсе...
Ініде
кімнің қандай жұмысы бар?!
Келсе
аға,
Атын ұстап, байлайтұғын,
Мейман
ғып, ертелі-кеш жайлайтұғын,
Басына
- жастық...
Жатса
- төсек болып...
Сөйлесе,
бұлбұл
құсша сайрайтұғын,
-
Қасиет
емес пе еді - жасқа міндет!
Тұрғанда
мынау заман қас-қағым боп,
Ағалар
басын бағып...
Ал
билікті -
Ініге
бермес пе еді... - Басқарсын! - деп.
*
* *
Ол
заман болса-дағы теріс заман,
Үш
Би де сол заманға келісті адам
Болатын!
Сол
үшін де Хан үшеуіны
Қадірлеп,
Бөле-жармай
тең ұстаған!
Қалмаған
Бидің - Биден өкпелері,
Сондықтан
бөлектеудің жоқ
керегі.
Қазағым
нақ солардай тату болса,
Бір
емен бұтағы боп көктер еді?!
Қанатын
халқым кеңге жайған да әрі,
Осынау
қиын-қыстау майдандағы -
Күрестің
ортасында
Басын
қосты...
Қазақтың Аруақты үш Пайғамбары!!!
- 88 просмотров