ВЕРНУТЬСЯ

       Жапыраққа айналып кетсем мен деп,

Жасырындым күн ауа топ шеңгел кеп.

Меңсіз қара ат мінген Түн мені іздеп жүр,

Мені іздеп жүр сай құлдап, тепсенді өрлеп.

Мені іздеп жүр дарияның жағасында,

Мен тұрмын
ғой өйткені санасында.

Қара шашын жел жайып ағады Түн,

Ағады Түн ағаштар арасында.

Соның бәрін тек қана көреді аспан,

Табады ақыр, табады көп адасқан.

Өксиді үнсіз кеудеме басын сүйеп,

жұбатуға жаралғам мен о бастан.

Дүние ғажап мына,

Түннің жасы көп ақты, аз ақты ма?

Біз көрмейік
ол көрген ұяттарды,

Біз көрмейік ол көрген азапты да.

Сыбырлайды, жылайды күліп тәтті,

Сүйеді екен ол мені,

ұмытпапты.

...иіскей берем, үн-түнсіз иіскей берем,

Жалбыз иісі шашына сіңіп қапты...