ВЕРНУТЬСЯ

      Тура осы тауда,

Тура осыдан 500 жыл бұрын,

Тура осы мезетте

Бабыр сүлтанның шатыры тұрған.

Оны маған құстар айтты азанғы,

Гүлдер айты сыбырлап.

Түнде туған қызылшақа ғазалды

Жерге аунатып алды деді ырымдап.

Тілек тілеп аттанды ақын бұл маңнан,

Тау Талғарға қолын жайып төменнен.

Heгe, әйтпесе, Бабыр жазған жырлардан

Алматының ақ жаңбырын көрем мен.

Ол асықты билеу үшін өлемді,

Бір-ақ түнеп орынынан тұрды үнсіз.

Енді бір күн қонғанда ғой, бар елді

Бейітпен-ақ жаулар еді қырғынсыз.

Жарты ғалам еншісіне тигесін,

Ганга жақта нені аңсады кенен ұл?

Үндістанның көрсем болды киносын,

Соны ойлаймын неге-дүр?

Ал таулар тұр,
сол құз таулар күй тұнған.

Жаздың таңы-ай ақ маңдай.

...Шалқып көңіл, оянамын ұйқымнан

Шаһ Бабырдың шатырында жатқандай.