ВЕРНУТЬСЯ

      Біздің елдің
жылқысы - кіл көкмойнақ,

Үйірімен ағекем кірді отқа айдап.

Ақ жалынның ішінде

алқын-жұлқын

Аласұра шыңғырып жүр көп бейбақ.

- Қасқа-ау, қаның
қарайды неге мүлде,

Ел болудан кетейін дегенің бе?

Ырыс басы көк жұлын -

ұлыс басы,

Қалай, аға, қиясың оны өлімге?

- Өртеді деп
тұрмысың бүгін ғана,

Өлтірдіңдер сан рет бұрында да! -

(деп көк айғыр күледі,

О, Жасаған,

Тым болмаса, құтқаршы
құлынды ана.)

Осыны айтып,

маған бір қарап алып,

Шығады оттан жануар жараланып.

Сұйық
жалға қызыл шоқ жабысыпты,

Қара түнде қызыл шоқ барады ағып.

Heгe мәз
боп сорлы айғыр,

неге күлді,

Күлкі көріп тұр
ма екен ол өлімді?

Әлгі дауыс әкемнің дауысы ғой,

Әкем даусын танымай, не көрінді?

Аға да қап жайына, ел
де қалып,

Өзімді өзім тағы да бір жерлеп алып,

Екі бірдей шоқ қадап маңдайыма,

Түнге кіріп жоғалам мен де барып.

Көк жұлынның
соңынан тепеңдеймін,

Енді аз жүрсем, шынымен жетердеймін.

Қайда түсіп қалды екен манағы шоқ,

Мен тапқанша сөнбесе екен деймін.

Тайғақ кешіп, тау кездім.

Тас та бардым.

He де болса, бір жолды бастап алдым.

Бірдеңе айтқан боламын, бірақ
даусым

Дауысы боп шығады басқа адамның.

Қара қошқыл қабарған
далам өңі,

Қайда кеткен бұл
маңның тамам елі?

               Бұл неғылған ұзақ түс,

Бітпей қойды-ау,

Түу, тезірек оянсам жарар еді!