ВЕРНУТЬСЯ

         Жамал Насыр өзінің соңына ағылшын отаршылдарынан заңды
иелеріне кері қайтарылған Суэц каналы мен жаңадан салынған Асуан су бөгетін,
Хелуан металлургия зауытын қалдырды. Көзі тірі кезінде мыңдаған жылдар бойы
монархия дәстүрінде өмір сүрген Мысыр елінде Президенттік республика мен
демократиялық сайлау жүйесі бекіген мемлекеттік қондырманы орнықтырып кетті. Мұның
өзі оның саяси мұрасының қаншалықты маңызды , қаншалықты қомақты екеніне айқын
дәлел.

 Араб әлемінің ақиығы,
жарық дүниеде  бар болғаны 52 жыл өмір
сүрген Жамал Насыр еліндегі жоғарғы билікке полковник шенінде келіп, өмірден
сонысымен өтті. Елдегі ең жоғары лауазым иесі болса да, мүмкіндігі жетсе де, не
генерал, не маршал шенін алған жоқ. Оған тіпті қызықпады да. Тек жан жары
Тахия, үйелмелі-сүйелмелі үш ұлы мен жалғыз қызы Гуда ғана оны сыртынан «Біздің
Генерал» деген көрінеді...