ВЕРНУТЬСЯ

   Тыңдашы
мені, тында сен,

өртенген
болсаң - жырды аңсап;

көктем
бе еді нұрлы, әсем,

күлкіңді сыйлап тұрған шақ,

әсем
бір ғажап жырды аңсап!?

Көктем
бе еді жаңбырлы,

көгілдір
шәлі жамылған;

аралап
ұшып сан қырды,

аққу
құстарың ағылған,

аққу
құстарың сабылған?!

Алаңсыз
әлде шулы арман,

арбаған
сені кез бе еді,

бұлбұлың сайрап
нулардан,

сырлы
шақтарың көздегі

алдаған
сені кез бе еді?!

Көктем
бе еді оятқан

Он сегіз жасар күлкіңді;

ақ
армандары молы ақ таң,

жыл
құсы келген бір күнгі,

оятқан
сенің күлкіңді.

Ғашық
па ең әлде жырға сен,

ғашық
па ең көктем желіне?!.

Күлкіңді сол бір нұрлы әсем,

«сыйладым
саған» дедің бе?!.

Көктемге
ғашық едің бе?!.

мамыр,
1970 жыл