ВЕРНУТЬСЯ

       Ұмытпайды.

Біледі ел,

білмесін бе?

Әулие атам -

халықтың бұл
да есінде.

Аруағы оның сарүйек жылан екен,

Оратылып жатыпты іргесінде.

Соны айтады әлі күн

өңір-аймақ,

Желден ұшқыр
сарүйек,

пері қайрат.

Алқа топта сөз алса атам менің,

Иығында тұрыпты
шегіп айбат.

Бұл өлеңді
біреулер даттар мейлі,

Ұнатпайды
өскен жұрт мақтангөйді.

Әулие атам өлген күн,

жойқын сары

құйрығымен
жер сабап жатқан дейді.

Мен оянам ұйқымнан
мүлги беріп,

Кілт тоқтаған секілді сырғи келіп.

Жылан - менің тарихым!

Түсімде де

қылғындырып орайды ол ылғи келіп.

«Не айтасың, кәнеки, бабаңа» деп,

Ширатылып жатады сары ала боп.

Мен қорқамын, қорқамын,

Сорлы жылан

белін мәңгі жаза алмай қала ма деп.

Әулиемін дегеннің көрдім көбін,

Қашады әрі, мұны
айтсам,

ең дүрлерім.

Жылан жатыр ұйысып,

оратылып,

Қалай жазам орамын?

Мен білмедім.