ВЕРНУТЬСЯ

  Жанымда
мазаланған бір үн бардай,

ойларым
ұйысып тұр бұрымдалмай.

Айқайлағым
келеді өз-өзімнен,

өлдекімде

барымталап
айдалған

жырым
бардай...

Айтылмаған,

айтпаған
сырым бардай,

үзе
алмаған,

үзбеген
гүлім бардай,

шыңғырады

кеудемде
- бұла көктем...

Көктем...

Көктем...

Бүрін
жармай -

тарқатылған
ойларым бұрымдалмай.

Бытысады

таңдарым - кештеріммен,

тауларым
-

жон-қырқа,
төстеріммен,

Алыстар
- Алыстармен,

Ағыстар - Ағыстармен

алысады,

жұлысады,

ауысады,

қайтадан қауышады,

кезбе-көңіл төрінде -

көпше өрілген.

Жұлынымды

жұлқырдай бір үн келіп,

бірде айбатты

алапат
гүріл болып,

бірде
нәзік

тылсым
- ән діріл болып...

Шыңғырады
жер үсті шындықтары

жүрегімде

жазбаған
жырым болып...

1 тамыз, 1978 жыл